Қазақстандық жүзушілер Софья Сподаренко мен Айбат Мырзамұратов Азия ойындары-2026 финалдық жүзулеріне қатысты. Сподаренко 50 метр баттерфляй қашықтығында алтыншы орынға тұрақтады, ал Мырзамұратов 50 метр брасс сайысында оныншы орынды иеленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әйелдер финалында Сподаренко қашықтықты 26,49 секундта жүзіп өтті. Жеңісті Қытай өкілі Чжан Юйфэй жеңіп алды. Оның отандасы У Цинфэн күміс жүлдегер атанды, ал жапондық Рикако Икээ үздіктер қатарын түйіндеді.

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2026

25 қыркүйек. Жүзу. 50 м баттерфляй. Әйелдер. Финал

🥇 1. Чжан Юйфэй (Қытай) – 25,41
🥈 2. У Цинфэн (Қытай) – 25,62
🥉 3. Рикако Икээ (Жапония) – 25,97
…6. Софья Сподаренко (Қазақстан) – 26,49

Тағы бір қазақстандық София Абубакирова осы қашықтықта іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, 12-орынға тұрақтады.

Мырзамұратов ерлер финалында 50 метр брасс сайысында 27,98 секунд нәтиже көрсетіп, оныншы орынды иеленді.

Алтынды қытайлық Цинь Хайян жеңіп алды. Екінші орынды оның отандасы Лю Цзюньцзе иеленсе, қоланы жапондық Син Охаси қанжығасына байлады.

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2026

25 қыркүйек. Жүзу. 50 м брасс. Ерлер. Финал

🥇 1. Цинь Хайян (Қытай) – 26,68
🥈 2. Лю Цзюньцзе (Қытай) – 26,99
🥉 3. Син Охаси (Жапония) – 27,01
…10. Айбат Мырзамұратов (Қазақстан) – 27,98

Құрамамыздың тағы үш өкілі өз пәндері бойынша іріктеуден өте алмады. Александр Румынский 200 метрге шалқалай жүзуде 11-орынға тұрақтады, Максим Сказобцов 200 метр баттерфляйда 16-орынды иеленді, Федор Диденко 400 метрге еркін жүзуде 19-нәтиже көрсетті.

Бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы 4×100 метр еркін жүзу эстафетасының финалында бесінші орынды иеленді. Сондай-ақ Адильбек Мусин 50 метр баттерфляй финалында сегізінші орынға тұрақтады.