Алматы тауларында серуендеп жүрген зейнеткер әйел жарақат алды. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді екі мың метрден астам биіктіктен эвакуациялады, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға Медеу ауданында болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1959 жылы туған әйел теңіз деңгейінен 2280 метр биіктікте таудан түсіп бара жатып, беткейден сырғанап құлап, аяғын бұрап алған. Әрі қарай өздігінен жүре алмаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны таулы аймақтан эвакуациялады. Кейін әйелді ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына медициналық мекемеге жеткізу үшін тапсырды.