Желіде қазақстандық адам жегіш маньяк Николай Жұмағалиевке ұқсас ер адам жабық психиатриялық ауруханада тұрған жасырын видео пайда болды, деп infohub.kz хабарлады.
Алматы облысының Ақтас кентіндегі ауруханада түсірілген деп болжанған кадрларда Жұмағалиев өзінің жазылып жатқанын сезбейді.
Әңгіме барысында Жұмағалиев журналистерге сұхбат беруден қорқатынын, себебі басшылық оған «тілді байлайтын» арнайы инъекция жасауы мүмкін екенін айтты. Ол мекеме ішіндегі сыбайлас жемқорлық пен кісі өлтіру фактілерін әшкереледі. Адам жегіштің айтуынша, кейбір қызметкерлердің қолдары «қанға боялған» және олар инъекция арқылы науқастарды әдейі өлтірген.
Сонымен қатар, видеода ауруханадағы тамақтың нашарлығы (қызметкерлер науқастарға арналған етті үйлеріне алып кетеді), 1972 жылдан бері ауыстырылмаған жиһаз, қаржыландыру үшін науқастарды негізсіз ұстау, сондай-ақ Қазақстанда алтынды заңсыз өндіру және Дональд Трамптың реформалары талқыланды.
Осы мәлімдемелер бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сұрау жолданды.
Еске сала кетейік, Жұмағалиев оннан астам әйелді өлтіріп, олардың қанын ішіп, етін жеген, оған шизофрения диагнозы қойылды. Ол 1990 жылдардан бері Ақтастағы жабық психиатриялық ауруханада ұсталуда.
