Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының үшінші қабатында төбенің бір бөлігі құлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Syrmedia.kz интернет-басылымы оқиға туралы видео жариялады. Кадрларда төбенің бір бөлігі вокзалдың панорамалық терезелерінің бірінің жанында еденде жатқаны көрсетілген.
Тілші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне жүгінді. Онда кеше сағат 19:45-те «Нұрлы-Жол» вокзал кешенінің үшінші қабатында төбенің бір бөлігі құлағаны расталды.
«Вокзал кешенінің қызметкерлері зақымдалған жерді тексеріп, нөсер кәрізі жүйесінің құбыр жалғауларының зақымданғанын анықтады. Қазіргі уақытта тігістерді герметизациялау және нөсер кәрізі жүйесінің құбыр жалғауларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарынан кейін зақымдалған аймақ тазартылып, жуылып, бөгде заттар алынып тасталды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


