Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили (21-6) қайтадан балуан кілеміне шығады: Real American Freestyle (RAF) лигасы грузиялық спортшының RAF 16 турнирінде Нидерланд өкілі Кензо Бийонгпен еркін күрестен белдесетінін ресми түрде хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Белдесу 19 желтоқсанға белгіленді. Турнир Юниондейлдегі Nassau Coliseum аренасында өтеді.

Двалишвилидің жарыс алаңына оралуы оның аз уақыт бұрын ортасында қалған жанжал аясында болып отыр. 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйде жаппай төбелес болды. Аралас жекпе-жек (ММА) шебері, ресейлік Усман Нұрмагомедов бірнеше адаммен бірге Двалишвилиге артынан жақындап, оны шақырып, бетінен шапалақтады. Содан кейін UFC-дің бұрынғы чемпионын аяқпен тепті. Двалишвилиді грузиялық балуан Саба Лазишвили қорғап қалды, ол да төбелесте зардап шекті.

Тексеру қорытындысы бойынша Нұрмагомедов пен тағы жеті адам алты айға қамауға алынды. Екі грузиялық спортшыны түрмеге қамауға қоймады, ал Лазишвилиді RAF турнирінде Омар Нұрмагомедов алмастырды.

14 қарашада Двалишвили турнирде жеңіске жетіп, Нұрмагомедовтарды түрмеден босатуға жария түрде шақырды.