Румынияның Изворани қаласында өткен Еуропа Кубогы кезеңінде Қазақстан юниорлары аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды infohub.kz.

Команда құрамында Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко болды. Олар дистанцияны 1 сағат 34 минут 56 секундта бағындырып, екінші болып мәреге жетті. Жеңімпаздар — жарыс иелері Румыния құрамасы (1:34:31), ал үшінші орынды Түркия (1:35:42) алды.

Бұл жүлде қазақстандықтар үшін турнирдегі екінші медаль болды. Бұған дейін Диана Ержанова жеке сында алтын медаль жеңіп алған еді.