Қазақстанның юниорлардан құралған триатлон командасы Румынияның Изворани қаласында өткен Еуропа Кубогы кезеңінің аралас эстафетасында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.
Құрамында Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко болған команда 01:34:56 нәтиже көрсетті. Жеңісті Румыния құрамасы қанжығалады (01:34:31), үшінші орынды Түркия (01:35:42) иеленді.
Бұған дейін Диана Ержанова жеке сында 00:35:41 нәтижемен елге алтын әкелген еді. Екінші орынды Румыниядан Тунде Крисан (00:35:48), үшіншіні италиялық Элис Вентре (00:35:50) алды.
Өзге қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (00:36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (00:36:07), Аида Ким тоғызыншы (00:36:13) болды.


