Қазақстанда білім гранттарына 127 мыңнан астам талапкер өтінім берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бакалавриатқа 75 мыңнан астам грант бөлінген. Оның 60 пайызы инженерлік бағыттарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға тиесілі, қалған 20 пайызы еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, басқа салаларға бөлінген.

Бірнеше жыл қатарынан ең сұранысқа ие бағыттар – инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, педагогика ғылымдары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Бір грант орнына ең жоғары конкурс болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар және мұғалімдер арасында күтілуде.