Индонезияның Джакарта қаласында Азия жастар бокс чемпионаты мәреге жетті. Жарыстар екі жас санатында — 19 жасқа дейін және 23 жасқа дейін — өткізілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан құрамасы жалпы саны 30 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 11 күміс және 8 қола. Мұның нәтижесінде ол жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Өзбекстан (21 алтын, 6 күміс, 6 қола) иеленді. Үштікті Үндістан (5-12-11) түйіндеді. Сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея және Индонезия өкілдері бір-бір алтыннан ұтып алды.
U19 санатында командалық рейтинг: Өзбекстан (11-3-1), Қазақстан (5-4-5), Үндістан (2-7-4). U23 санатында: Өзбекстан (10-3-5), Қазақстан (6-7-3), Үндістан (3-5-7).


