Синоптиктер Қазақстандағы үш мегаполистің тұрғындарына 17 шілде жұма күні ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматыда ашық аспан күтіледі. Күндіз ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріліп, түнде +26 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 4,8 метр болады.

Астанада ашық ауа райы болжанады. Күндіз ауа +30 градусқа дейін жылынып, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 8,8 метр.

Шымкентте де жауын-шашынсыз болады. Күндіз термометр бағандары +45 градусқа дейін көтеріліп, түнде +28 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 8,9 метр.