Мадридте футболдан өткен әлем чемпионатындағы жеңіс құрметіне ұйымдастырылған шеруге Испания құрамасын шамамен 2 миллион адам қарсы алды, деп хабарлайды infohub.kz.

Басылым мәліметінше, Испания құрамасы әлем чемпионатынан кейін Мадридке ұшып келген. Ойыншылар мен жаттықтырушылар Испания королі Филипп VI және король отбасының басқа мүшелерімен кездесіп, сондай-ақ Испания премьер-министрі Педро Санчестің қабылдауында болды.

Ресми іс-шаралардан кейін Мадрид көшелерінде автобус шеруі өтті. Испания үкіметінің Мадридтегі өкілдігінің дерегінше, шеруге қатысқан жанкүйерлер саны екі миллионға жеткен.

Еске сала кетейік, Испания құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина командасын жеңді. Чемпионат АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Луис де ла Фуэнте бастаған Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Команда алғашқы титулын 2010 жылы Оңтүстік Африкада жеңіп алған болатын.