14-15 шілдеге қараған түні Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны жеңді, деп хабарлайды infohub.kz.
Француздар жартылай финалға дейінгі жолда Швецияны 3:0, Парагвайды 1:0, ал ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңді. Испандықтар болса, Австрияны 3:0, Португалияны 1:0 есебімен ұтып, ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Матчтың барысы: 22-минутта испандықтар пенальтиге ие болды — француз қорғаушысы Люка Динь шабуылшы Ламин Ямальге қатысты ереже бұзды. Микель Оярсабаль айып добын қақпаның оң бұрышына дәл бағыттады. Екінші таймда, 58-минутта, қорғаушы Педро Порро Дани Ольмомен қабырға ойынын жасап, айып алаңына кіріп, допты торға тықты. Қорытынды есеп — 2:0 Испания құрамасының пайдасына.
Осылайша, Испания құрамасы ӘЧ-2026 финалына шығып, онда Англия — Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі. Франция үшінші орын үшін матчта осы жұптың жеңілген командасымен ойнайды.
Бұған дейін Норвегия құрамасы өздері үшін рекордтық болған әлем чемпионатынан кейін Ослоға оралды — қала көшелерінде оларды ондаған мың жанкүйер қарсы алды. Британдық БАҚ Англия — Аргентина жартылай финалына төреші Исмаил Әлфаттың тағайындалуына реакция білдіріп, төрешінің ықтимал біржақтылығына алаңдаушылық білдірді.


