Грек аралы Гавдостың оңтүстігіндегі Ливия теңізінде мигранттар мінген қайық аударылып, суға батты. Бортта кемінде 77 адам болған. Билiктердің дерегінше, 52 адам құтқарылды, тағы кемінде 25 адам із-түзсіз жоғалды, бір адам ес-түссіз күйде табылды. Сондай-ақ бір адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Құтқару операциясына Грекияның жағалау күзетінің бірнеше кемесі мен Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің (Frontex) кемелері, сондай-ақ Грекия Әскери-әуе күштерінің тікұшағы мен Frontex ұшағы жұмылдырылды. Іздеу-құтқару жұмыстары Гавдостың оңтүстігінде жалғасуда.

Грек билігі суға батқан кеменің нақты түрі мен оның бортындағы адамдардың азаматтығы туралы ақпарат бермеді.

Гавдос — Грекияның ең оңтүстігіндегі тұрғылықты арал, Криттің оңтүстігінде, Ливия теңізінде орналасқан. Аралдың оңтүстігіндегі сулар Солтүстік Африкадан Грекияға бағыт алған мигранттар қайықтары үшін маңызды маршрутқа айналды.