Британдық ауыр салмақтағы боксшылар Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 2026 жылғы 11 желтоқсанға жоспарланған. Екеуінің жалпы гонорары шамамен 200 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Известия» басылымы The Athletic жарияланымының аудармасына сілтеме жасап хабарлауынша, жекпе-жек Уэльс астанасы Кардиффтегі «Миллениум» стадионында өтеді. Алаңды таңдау ұзақ талқылаулардың нәтижесінде шешілді, алайда бұл пікірталастар жекпе-жекті ұйымдастыруды бірнеше рет тоқтатып қалу қаупін тудырған.
«Қаржыландыруға жауапты тараптар шоуды Нью-Йоркте өткізуді ұсынған болатын. Фьюри АҚШ-та жұдырықтасуға дайын екенін білдірді, алайда Джошуа мен оның промоутері Ұлыбританияда өнер көрсетуді талап етті», — делінген жарияланымда.
Ымыраға келісім ретінде Уэльс таңдалғаны атап өтілді. Кардиффтегі стадионның жылжымалы шатыры желтоқсанда ауқымды іс-шара өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аренаның техникалық мүмкіндіктері жекпе-жекті түнде бастауға жол ашады, бұл халықаралық көрермендер мен трансляциялар үшін қажет.


