Алматы облысында бизнес мүдделеріне нұқсан келтірген бұзушылықтар анықталғаннан кейін 2 мыңнан астам кәсіпкер қорғалды. Жыл басынан бері өңірде кәсіпкерлікке кедергі келтірген 65 араласу мен шектеу жойылды, деп хабарлайды infohub.kz.
Бизнесті қорғау жұмыстары аясында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірген үш акт күшін жойды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің пайдасына 469 млн теңге өндірілді.
Бизнеспен өзара іс-қимыл тәртібін бұзғаны және кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны үшін 59 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды. Оның 25-і тәртіптік жазаға, ал 34-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлердің ақшасын жымқыру ісі бөлек қаралуда. Бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде – ол алдау арқылы кәсіпкерлердің ақшасына ие болған.


