Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бахытжан Байжанов бас бостандығынан мерзімінен бұрын босатылды. Сот амнистия актісін қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды infohub.kz.
Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаевтың айтуынша, сот отырысында оны түзеу мекемесінен дереу босату туралы шешім шығарылды. Оның сөзінше, жаза мерзімінің аяқталуына үш айдан сәл астам уақыт қалған еді.
Байжанов қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол бірнеше рет сотқа жазаны жеңілдету туралы өтініш білдірген. 2024 жылы ол өзіне амнистия заңының ережелерін қолдануды да сұраған.
Көпшіліктің назарын аударған бұл қылмыстық іс Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты. Оны өлтіруде күйеуі, ұлттық экономиканың экс-министрі Куандық Бишимбаев айыпталды. Хабарланғандай, айыпталушы қасақана кісі өлтіруде кінәсін мойындамады. Соңында Бишимбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.


