Астана – Петропавл тасжолында болған өрттен аман қалған ер адамның жағдайы өте ауыр. Қазір ол Ақкөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы infohub.kz сайты dalanews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың денесінің көп бөлігін күйік шалған. Сондықтан оны басқа медициналық мекемеге тасымалдау әзірге мүмкін емес.

«Науқас жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр. Денесінің зақымдану аумағы үлкен болғандықтан, оны тасымалдауға келмейді. Қазіргі уақытта науқаста күйік шогы байқалады», — деп хабарлады басқарма өкілдері.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.