Астанада кеше елорданы шарпыған дауыл мен қатты нөсерден кейін қоршау тұрақта тұрған көліктердің үстіне құлады. Оқиғаға полиция пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Threads желісіндегі blessedkaz пайдаланушысы жариялады. «Бүгінгі дауылдан кейін Silkway City-дегі қоршау тұрақта тұрған көліктерге құлады», — деп жазды ол. Бейнежазбада металл қоршаудың бірнеше көліктің үстінде жатқаны көрінеді.
Полиция көліктердің зақым алғанын растады. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде. «Осы факті бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына шықты. Қатты желдің салдарынан қоршаудың тұрақта тұрған көліктерге құлап, олардың механикалық зақым алғаны анықталды. Қазір тексеріс жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылданады», — деп мәлімдеді Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасы.
Бұған дейін қатты нөсер елорданың жолдарын су басып, көліктердің жүзуге мәжбүр болғаны хабарланған еді. Қала тұрғындары ауа райының салдарынан түсірілген бейнежазбаларды әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісті. Кейінірек бір күнде қалада айлық норманың 70 пайызы жауын-шашын түскені анықталды.


