Синоптиктер 23-25 шілде аралығына Қазақстанның үш ірі қаласына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді. Астанада тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болады, ал елдің оңтүстігінде ыстық біртіндеп күшейеді.
Астана
23 шілде: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15 °С, күндіз +23…+25 °С.
24 шілде: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16 °С, күндіз +25…+27 °С.
25 шілде: айнымалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17 °С, күндіз +28…+30 °С.
Алматы
24 шілде: айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21 °С, күндіз +29…+31 °С.
25 шілде: айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 °С, күндіз +28…+30 °С.
25 шілде: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 °С, күндіз +30…+32 °С.
Шымкент
23 шілде: айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21 °С, күндіз +30…+32 °С.
24 шілде: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 °С, күндіз +32…+34 °С.
25 шілде: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21 °С, күндіз +34…+36 °С.


