2026 жылғы 14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, осы күн үшін соңғы 34 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазгидрометтің бақылау желісі мәліметінше, елордадағы ауа температурасы +38,6°C-қа жетті. Бұл 1992 жылы тіркелген +35,3°C көрсеткішінен 3,3 градусқа артық.
Қазгидромет синоптиктері 14 шілденің елордадағы ең ыстық күн болатынын алдын ала ескерткен болатын. Олардың болжамы бойынша, ауа температурасы +37...+39°C-қа жетуі керек еді, бұл осы күн үшін тарихи максимумнан асып түсетін.
13 шілденің өзінде ыстық рекордтық көрсеткіштерге жақындады: сағат 13:40-та Астанада ауа температурасы +35,9 градус болды. Салыстыру үшін, 13 шілде үшін абсолюттік максимум 1935 жылы орнатылып, +39,5 градусты құраған.
Еске салайық, 23 маусымда Астанада осы күн үшін жаңа температуралық рекорд орнатылған болатын: ауа +36,8 градусқа дейін жылып, 1941 жылғы рекордты (+36,4 градус) басып озды.


