Алматыда Төле би көшесінің бір учаскесінде ЛРТ жобасын іске асыруға байланысты жол қозғалысының схемасы бірнеше күнге өзгереді, деп хабарлайды infohub.kz сайты NUR.KZ-ге сілтеме жасап.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. 18-20 шілде күндері қарама-қарсы жағында дәл осындай жұмыстар атқарылады. Бұл кезеңде Төле би көшесінің оңтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жүргізушілерге жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде алдын ала бағдарларын таңдап, уақытша жол белгілеріне назар аудару ұсынылады.