Ақтөбе облысында құтқарушылар істен шыққан автобустың 90 жолаушысын жолдан эвакуациялады, олардың арасында шетелдіктер мен балалар бар, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға Әйтеке би ауданындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолында болды. Автобус Шымкент–Пермь бағытымен жүріп келе жатқан. Техникалық ақау салдарынан 90 адам, оның ішінде 46 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Жолаушылар арасында Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының азаматтары болды.

Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қарабұтақ» аумақтық ведомствоаралық құтқару қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Автобус жолаушылары кемпингке эвакуацияланып, қауіпсіз жағдайда орналастырылып, әрі қарай жүруін күту барысында қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген.