Жаңаөзенде автобус аялдамасынан түскеннен кейін жоғалып кеткен 9 жасар бала іздестірілуде. Оны соңғы рет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанынан көргендер болды. Баланың әкесі қала тұрғындары мен полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды infohub.kz.

Мансұр есімді баланың әкесінің айтуынша, бала бүгін, 28 шілде күні сағат 11:00 шамасында жоғалған. Ол аялдамада автобустан түскен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Баланың үстінде сұр футболка мен қара шорт, қолында қара жол сөмкесі болған.

«Қазір біз полициямен бірлесіп оны іздеп жатырмыз. Қала тұрғындарынан оның қайда екендігі туралы қандай да бір ақпараты болса, хабарлауды сұраймын», — деп әкесі БАҚ арқылы Жаңаөзен тұрғындарына үндеу жасады.

Баланың қайда екендігі туралы білетіндерді әкесіне мына телефон арқылы хабарласуға шақырады: 8 (771) 815-40-26. NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.