Қазақстанның әйелдер жекелей сынындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған және тоғызыншы реттік нөмірге ие спортшы екінші айналым кездесуінде әлемнің 118-ракеткасы, армян қызы Алина Чараевамен ойнады.

Матч екі сетке созылып, Юлияның 6:3, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 35 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Путинцева үш эйс жасады, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін іске асырды.

Осылайша, Путинцева ширек финалға шықты, онда Мысыр теннисшісі Маяр Шериф пен Испаниялық Кейтлин Кеведо арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Біздің @sportnurkz Telegram-арнамызға жазылыңыз. Мұнда сіз спорттағы ең соңғы жаңалықтарды таба аласыз.