Ресейлік әнші Юлия Ковальчук үшінші рет ана атанды. 13 қарашада 44 жасқа толған ол жұбайы, әнші Алексей Чумаковпен бірге ұлды болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қуанышты жаңалықты «Блестящие» тобының бұрынғы мүшесі Instagram парақшасында жариялады. «Біздің ұлымыз. Құдайға шүкір, енді сен бізбен біргесің. Сен — менің туған күніме алған ең жақсы сыйым», — деп жазды 13 қарашада 44 жасқа толған Ковальчук.
Әншінің жұбайы Алексей Чумаков та Instagram-да ұлының дүниеге келуі туралы жазба жариялады. «Ұлым, туған күнің құтты болсын! Ұзақ өмірің алғашқы күніңдей болсын — айналаңда өзіңнің бар екеніңнен туған қуанышқа, махаббатқа, болашаққа, қасыңдағы сау әрі мықты жақындарыңа және шынайы сенімге толы болсын! Құдай, анаң, әпкелерің мен әкең әрдайым жаныңда! Бұл әлемге қош келдің, балам! Сенің келуіңмен ол одан әрі әсемдей түсті! Оны ренжітпе, ол да сені ренжітпейді! Солай болсын!» — деп жазды әртіс.
Жұлдызды жұпты пікірлерде танымал тұлғалар құттықтады, олардың қатарында продюсер Арман Давлетяров, Ковальчуктің «Блестящие» тобындағы бұрынғы әріптесі Ольга Орлова, әншілер Сергей Лазарев пен Денис Клявер бар.
Еске салайық, 2023 жылдың жазында Ковальчук пен Чумаковтың екінші қызы дүниеге келген еді.


