Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкасына дауыс берді. Бұл бүкіл үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқты. Бұл туралы УНИАН агенттігі хабарлады, деп жазады infohub.kz.

12 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетін жаңартуды жариялап, премьер-министр Юлия Свириденкоға жаңа лауазым ұсынылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Украинаның саяси стратегиясын өзгертеді. Президенттің сөзінше, сыртқы саясаттың әрбір басым бағытын нақты бір адам басқарады. Ол үлкен тәжірибеге ие және украин халқы күткен нәтижеге қол жеткізе алатын адам болуы тиіс.

13 шілдеде Юлия Свириденконың премьер-министр лауазымынан кету туралы өтініші Жоғарғы Радаға түсті. Оның отставкасына 450 депутаттың 258-і дауыс берді.

«Украинская правда» дереккөздерінің мәліметінше, премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін Юлия Свириденко Украинаның АҚШ-тағы елшісі болу ұсынысынан бас тартты.

Экс-премьерге жақын дереккөздердің айтуынша, ол Министрлер кабинетіндегі жұмысынан кейін өз болашағы туралы әлі шешім қабылдаған жоқ.