Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

16 шілдеде екіжақты келіссөздер өтеді. Сондай-ақ жетекші қытай компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

17 шілдеде мемлекет басшысы «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы әріптестік» ұранымен өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша әлемдік конференцияға қатысады.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай атом электр станциясын салу жобасы аясында ынтымақтастықты кеңейтіп жатқаны хабарланған еді.