Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар қысқа кездесу өткізді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақорданың мәліметінше, саммит алаңында мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен және Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен әңгімелесті.

«Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды», — делінген Ақорда хабарламасында.