Теміртауда Yutong маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып, ағашқа соғылды — 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, апат бүгін, 14 қарашада сағат 10:30 шамасында болды. Алдын ала деректерге сәйкес, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізуші өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус жүрісін жалғастырып, ағашқа соғылды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Бұған дейін temirtau.blog Instagram парақшасында бағыттық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы орнынан бейнежазба жарияланған. Жарияланым авторларының хабарлауынша, көлік Момышұлы даңғылында жолдан шығып, тротуарға көтеріліп, содан кейін жылу трассасына соғылған.
Оқиға кезінде автобус салонында шамамен 15 жолаушы болғаны белгілі. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


