Ташкентте Onix көлігі мен патрульдік мотоциклдер қатысқан өліммен аяқталған жол апаты болды. Салдарынан бір жол полициясы инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz.

Өзбекстан жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі 16 шілдеде болған апаттың мән-жайын ашты. Ведомствоның баспасөз хатшысы Зоир Юлдошевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы сағат 18:30 шамасында Мирзо-Ұлықбек ауданындағы Дормон йули көшесінде болған. Үш инспектор патрульдік мотоциклдермен келе жатып, Газалкент көшесінен шыққан Onix көлігімен қиылыста соғысқан.

Назар аударыңыз! 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.

«Апат салдарынан патрульдік мотоциклді басқарған инспекторлардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қалған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде, олардың нақты саны анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

ЖҚҚҚ сонымен қатар апат кортежді алып жүру кезінде болды деген таралған ақпаратты жоққа шығарды. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.