Сұлтан Сәрсемәлиев Атырау облысында төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды infohub.kz.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыға дәл осындай жаза тағайындауды сұраған еді. Прокурор екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен және пайдакүнемдік мақсатта өлтіру бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Істе бұдан бөлек те бірнеше бап бар.
Жангелдин ауылындағы жан түршігерлік қылмыс өткен жылдың соңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиев бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен қарындасын қатыгездікпен өлтірген.
