Шығыс Қазақстан облысында қатты ыстыққа байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Күндізгі уақытта ауыр жүк көліктері арнайы тұрақ-кемпингтерге бағытталады, себебі сағат 21:00-ге дейін трассалар жабық.

Себебі — шығыста ауа температурасы +40 °C-қа жеткен. Асфальт қатты қызған, сондықтан ауыр көліктер оны бүлдіруі мүмкін.

«Бұл шаралар дәл осындай ыстық жазда өзекті, себебі бұл шектеулер автомобиль жолдарының төсемін сақтауға бағытталған. Біздің жүргізушілер белгіленген талаптарды сақтауға тырысады, заңдарды білетіндіктерін көрсетеді», — деді ШҚО көліктік бақылау инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Есмуратов.

Басқа өңірлерде де осыған ұқсас шаралар қабылданған. Бұған дейін қатты ыстық Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарындағы трассаларда асфальттың деформациясына әкелген.