16 шілдеде Шемонаихада дүкендердің бірінің жанынан жергілікті тұрғынның денесінде көрінетін жарақатсыз мәйіті табылды. Ер адам кенеттен қайтыс болған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған адам дәрігердің есебінде тұрған, ауруы болған. Бұл факт белгіленген тәртіппен тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.


