«Қазақмыс» ЖШС және Qazaq Stroy Properties компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев «Қазақтелекомның» 8,9% акциясын «Самрук-Қазына» қорына сатты. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Акционерлердің жаңартылған құрылымы бұл деректерді растайды. 2026 жылдың сәуір айының басында бизнесменге TelecomSystems Ltd. компаниясы арқылы 954 361 акция тиесілі болған. Бұл айналымдағы барлық жай акциялардың 8,91%-ын құраған. Алайда 1 шілдедегі үзіндіде бұл компания көрсетілмеген, ал «Самрук-Қазына» үлесі 80,85%-дан 91,27%-ке дейін өскен. Артықбаев пакетке бір жылдан сәл астам уақыт иелік етіп, арнайы дивидендтер есебінен шамамен 30 млрд теңге, ал акция құнының өсуінен тағы 5 млрд теңге табыс тапқан.

Бұған дейін «Қазақтелеком» бұрынғы басшысы Бағдат Мусин мен оның топ-менеджерлерінің табыстары туралы хабарланған болатын.