Танымал поп-әнші Рики Мартин Instagram-да Алматының көрінісі көрсетілген кадрларды жариялады. Бүгін мегаполисте оның концерті өтеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Өзінің профиліндегі стористе Рики Мартин Алматының жоғарыдан түсірілген көрінісін көрсететін видео жариялады. Ол әншінің тұрған ғимаратының терезесінен түсірілген болуы мүмкін. «Қайырлы таң, Алматы», — деп жазды поп-орындаушы.
Еске салайық, наурыз айында Рики Мартиннің Қазақстанға алғаш рет концертпен келетіні белгілі болды. Ол бүгін, 18 шілдеде, Алматыда өтеді. Өнер көрсетер алдында әнші қазақстандықтарға үндеу жасады — ол да жанкүйерлерімен жақын арада кездесуді күтіп тұрғанын айтты. Ал кеше Рики Мартин Қазақстанға ұшып келгенін айтып, ұшақтан түсірілген кадрларды бөлісті.


