Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Құқықтық сана осыдан туындаған
Азат ел құқығының асқарлары
Белгілі Ата Заңмен басталғаны.
Бұл күнде мерейтойлық тарихы бар,
Жиырма жыл жұрт пікірі қошталғалы.
Жаңғыртты жадында әр кез мұны халық,
Әр бабын өз Заңының ұғып алып.
Жүр бүгін осы құжат аясында
Тынығып, еңбек етіп, білім алып.
Сан істі реттеуге ортаңдағы,
Заңдылық салмағының артар мәні.
Сондықтан Ата Заңмен үйлесуге
Тиісті әрбір заңның әр тармағы.
Бостандық бодандықтан бүгін ұлға,
Азат ел тұрғанда асқақ тұғырында.
Орнығар заңның ғана үстемдігі -
Құқықтық мемлекет ұғымында.
Осындай жатады үлкен ұғымда мән,
Ол барда, шындық жүзі бұрылмаған.
Жиырма жыл толды бүгін Ата Заңға,
Құқықтық сана осыдан туындаған.
Ел мен ел тек біліммен теңелетін,
Кез келді әлемге ұлт еленетін.
Ата Заң әр санада орнықтырар
Қоғамның шын құқықтық мәдениетін.
Бостан боп, еркіндікпен бағаландың,
Ықпалы қажетті әр кез санаға ардың.
Заң мен ар алшақ түспес екі ұғым,
Сыйлауы тиіс оны әр адамның.
Қоғамың құқықпенен өлшенгесін,
Заңға жат оны ештеңе еңсермесін.
Мереке құтты болсын, әр кезде де
Әділет таразысы теңселмесін!
Құқықтық сана осыдан туындаған
Құқықтық сана осыдан туындаған
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз562 қаралым

#конституция күніне арналған іс шаралар тақпақтар#қр конституция күніне арналған өлең
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

