Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақтың мақсаты: 1920 - 1930жж. Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі, қазақ қоғамын ұжымдастыру және индустрияландыру кезеңінде тарихи оқиғалардың маңызын, сипатын ашып көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: білім алушыларға ХХ ғ. 20 - 30 жылдардағы әміршіл - әкімшіл жүйенің қазақ елін басқарудағы жіберілген өрескел саясатына талдау жасай отырып тарихи білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: білім алушылардың тарихи оқиғаларды дұрыс бағалап тұжырымдай білу, тарихи деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқу және пайдалану қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: білім алушыларды елінің тарихын, рухани құндылықтарын қадірлеуге, ұлтжандылыққа және саяси саналылыққа баулу. Қазақ халқының тарихи тағдырына азаматтық құрмет сезімімен қарай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, ізденіс – зерттеу әдістері, ақпараттық коммуникативтік технология, мәселе қоя отырып оқыту технологиясының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының саяси картасы, мультимедиялық проектер, слайдтар.
Пән аралық байланыс: дүние жүзі тарихы, саясаттану, география, экономика, статистика.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Дәрісхана тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасының тақырыбы «Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында»
Үй тапсырмасы мына сұрақтар аясында қаралады:
1. Жаңа экономикалық саясатқа көшу
2. 1921жылға ашаршылық
3. Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары және қорытындылары
1 - мәселе бойынша білім алушылар жаңа экономикалық саясатқа қысқаша сипаттама жасайды. 1921ж. наурызда РК (б) Х съезінде В. И. Ленин баяндама жасап, сьездің күн тәртібінде «Салғыртты заттай салықпен ауыстыру туралы» мәселе қаралды. Жаңа экономикалық саясат нәтижесінде шаруа артық өнімін жарату үшін сауданы жандыруға рұқсат беру, жеке меншіктің дамуына рұқсат, жерді жалға беру, жалдамалы еңбекті пайдалану, ауыл шаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» тұсындағы еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке меншікке жалға берілді. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындар шаруашылық есепке көшірілді. Жалпы алғанда жаңа экономикалық саясат елдің жағдайын көтеруге ықпал жасады.
Толық нұсқасын жүктеу
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз610 қаралым
#тарихтан сабақ жоспары#қазақстан тоталитарлық жүйе#қазақстанның қоғамдық саяси өмірі
Ұсынылады
Майя текті әйелінің қабірінен ата-бабасының 226 тісі табылды
Белиздегі майя үңгіріндегі қабірден текті әйелдің сүйегі мен оның ата-бабаларының 226 тісі табылды: ДНҚ 26 шақырым жердегі қабірлерден шыққан 39 туысты көрсетті.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 29 қазан
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

