Павлодар облысында апат болды: кәріз құдығын тазарту кезінде алты адам қаза тапты, олардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Сүт фермасының иесі әрі депутат Александр Терентьев болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz.

Кәсіпкер кәсіпорын қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеп, көңіл айтты.

Бір зардап шегуші Ақтоғай орталық аудандық ауруханасында жатыр, онда дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетуде. Полиция департаментінде тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, жұмысшылар электр сорғысын жөндеу кезінде газбен уланған. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.