Павлодардан 200 шақырым жерде 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгенін infohub.kz сайты хабарлады.

Жер асты дүмпуі Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ауданында болды. Эпицентр Павлодардан солтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі 18 шілде күні Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелді.

ҚР ҰЯО ИГИ деректер орталығының ақпаратынша, сейсмикалық оқиғаның ошағы Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 53,36 градусы және шығыс бойлықтың 77,96 градусы.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb 4,9, энергетикалық класы K 10,9 болды.