17 шілдеде Өскеменде екі кәмелетке толмаған адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды infohub.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, ауыр салдарлы жол-көлік оқиғасы Өскеменде болған. Алдын ала деректер бойынша, кәмелетке толмаған адам жеңіл көлікті тізгіндеп келе жатып, басқаруды жоғалтқан. Соның салдарынан көлік кедергіге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Қайғылы оқиға екі кәмелетке толмаған жолаушының өмірін қиды, — делінген қадағалау органының хабарламасында.
Жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


