Сабақтың тақырыбы: Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Сабақ негізделген оқу мақсаттары әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау (Т/Ж2).
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік әдеби шығарма
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу 6 - сыныпта өткен білімді пысықтау, еске түсіру
Басталуы 5 минут
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1 - топ «Сары кәмпиттер»
2 - топ «Көк кәмпиттер»
3 - топ «Қызыл кәмпиттер»
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Қызыл гүлім - ай» би
Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
Ортасы 10 минут
Қолдану
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата - бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон - Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII - VIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан - Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо - Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi - орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В. В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi.
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры. жүктеу
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Сабақтың тақырыбы: Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз976 қаралым
#күлтегін жыры#қысқа мерзімді жоспар#жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған жоспар#орхон енисей ескерткіштері
Ұсынылады
Майя текті әйелінің қабірінен ата-бабасының 226 тісі табылды
Белиздегі майя үңгіріндегі қабірден текті әйелдің сүйегі мен оның ата-бабаларының 226 тісі табылды: ДНҚ 26 шақырым жердегі қабірлерден шыққан 39 туысты көрсетті.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 29 қазан
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

