Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Қазақстандағы мәдени мұралармен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой — өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отан сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, сұрақ жауап.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Тест тапсырмалары.
2. Сақ тайпаларының атауын ата.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
1. Сақтардың мәдени мұралары.
2. Бесшатыр қорымы.
3. «Алтын киімді адам»
4. «Аң стилі»
Сақтардың мәдени мұралары.
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі
К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді - кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21 - і таспен, ал 10 - ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2 - және 3 - обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м - ден 105 м - ге дейін, биіктігі 6 — 17 м - ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0, 8 — 2 м.
Бесшатыр обасынан
семсер,
қола ұшты жебелер,
темір пышақтар,
шаш түйрегіштер,
ақық моншақтар табылды.
Бұл заттар б. з. б 5 - 4 ғасырға жатады.
Есік обасы (б. з. б. 5 — 4 ғ. ғ) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз - нің жағалауында орналасқан. 1969 — 1970 ж. Жетісу археолог экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев, мүшелері Б. Нұрмұханбетов,
А. Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді.
Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр) оба бар.
“Аң стилі”.
Б. з. б. 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды.
Бекіту: сұрақ - жауаптар және де тапсырмалар
Бағалау:
Үйге тапсырма беру:
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі туралы оқы келіңдер
«Алтын адам» тақырыбына әңгімелеу.
Бесшатыр туралы қысқаша әңгіме құра.
Алматы облысы,
Алакөл аудана, Безродных орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Молдахметова Ғазиза Мұратқызы
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз961 қаралым
#сақтардың мәдени мұралары#оңтүстік қазақстан және жетісу өңірі#сақтардың мәдени мұралары туралы сабақ
Ұсынылады
Майя текті әйелінің қабірінен ата-бабасының 226 тісі табылды
Белиздегі майя үңгіріндегі қабірден текті әйелдің сүйегі мен оның ата-бабаларының 226 тісі табылды: ДНҚ 26 шақырым жердегі қабірлерден шыққан 39 туысты көрсетті.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 29 қазан
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

