Францияда Брижит Макрон еркек болып туған деп тұжырымдаған журналист әрі блогер Наташа Рей қайтыс болды. Рейдің қайтыс болғаны туралы француз журналисі Ксавье Пуссар әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

«Наташа Рейдің 13 қыркүйекте Сент қаласында (Шарант-Маритайм) қатерлі ісіктен қайтыс болғанын терең қайғымен білдік. Брижит Макрон ісінің бастауында тұрған Наташа Рей Сен-Пале зиратына жерленеді», — деп жазды Ксавье Пуссар.

Француз тіліндегі жазбасында журналист Наташа Рейдің Сен-Пале шіркеуінде сағат 14:30-да өткен мессадан кейін Сент қаласындағы Сен-Пале зиратына жерленетінін нақтылады.

РИА Новостидің мәліметінше, 13 қыркүйекте француз журналисі әрі блогер Наташа Рей Париж апелляциялық сотында Франция президентінің жұбайы Брижит Макронға қарсы жала жабу ісі бойынша жеңіске жетті. Бұл туралы журналистің адвокаты Франсуа Данглеан мәлімдеді.

«Наташа Рей Брижит Тронье-Макрон мен Жан-Мишель Троньенің тобы тарапынан қозғалған жала жабу процесінде түпкілікті жеңіске жетті», — деді адвокат.

Еске салайық, 2024 жылдың күзінде Парижде Макронның жұбайы еркек болып туған деп мәлімдеген әйелдерге үкім шығарылған болатын. Онда олар 500 еуро көлемінде шартты айыппұлға тартылғаны хабарланған. Сонымен қатар олар Брижиттің өзіне 8 мың еуро, ал ағасы Жан-Мишель Троньеге 5 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

2025 жылдың шілдесінде Париж соты Наташа Рейді ақтады.

24SMI сайтының мәліметінше, Брижит Мари-Клод Тронье 1953 жылдың 13 сәуірінде Францияның солтүстігіндегі көркем Пикардия аймағында дүниеге келген. Брижиттің әкесі Жан Тронье — кондитерлік дүкендер желісінің иесі, анасы Симона Пуйоль — үй шаруасындағы әйел. Болашақ бірінші ханымның балалық шағы Амьен қаласында өтті. Тронье отбасында алты бала болған.