ШҚО колониясында сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды. Екі ұялы телефон нанның ішіне тығылып жіберілмек болған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап 24KZ хабарлады.

Тамақ жөнелтпесін тексеру кезінде ШҚО бойынша ҚІЖБ департаментінің қызметкерлері нанның ішінен екі телефонды тауып алды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, тиісті құжаттар ресімделді. Департаментте атап өткендей, мұндай әрекеттер жиі орын алады, алайда мұқият тексерудің арқасында оларды уақтылы анықтап, колония аумағына өткізбеу мүмкін болып отыр. ШҚО бойынша ҚІЖБ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова: «Ұялы телефондар мен басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне және мекеменің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Департамент азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – деді.

Толығырақ infohub.kz сайтында.