Жапонияның Нагоя қаласындағы «Палома Мидзухо» стадионында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Салтанат қысқа кіріспе бөлімнен басталды: Жапония туы көтеріліп, әні шырқалды. Кейін қатысушы елдердің шеруі өтті — аренада Азияның барлық 45 олимпиадалық комитетінің өкілдері, сондай-ақ босқындар құрамасы да сап түзеді.
Қазақстан туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен Сарвиноз Миркадирова алып шықты.
Ресми құттықтау сөзін қабылдаушы тараптың өкілі, сондай-ақ Азия олимпиадалық кеңесінің басшысы шейх Джоан бин Хамад Аль Тани сөйледі. Спортшылардың анты да оқылды.
Азиада-2026 алауының эстафетасын бірнеше атақты жапон спортшысы аяқтады. Алау тостағанын Сигэнобу мен Кодзи Мурофуси — әке мен бала, атақты балға лақтырушылар жақты.
Шоу-бағдарлама аясында музыкалық және бишілердің костюмдік қойылымдары ұсынылды. Ашылу салтанаты жалпы екі сағатқа созылды.
Азиада-2026-ның алғашқы медаль күні 20 қыркүйек болады. 4 қазанды қоса алғанда 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстанды 43 мәлімделген спорт түрінің 35-інде 558 спортшы қорғайды. NUR.KZ ұлттық құрама қатысатын жарыстардың кестесін күн сайын жариялап отырады.


