Ресейде еңбек мигранттары мен ұзақ мерзімге келетіндерге ұялы телефон сатып алуды міндеттеу енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл туралы Федерация Кеңесінің халықаралық істер комитетінің отырысында Ресей ішкі істер министрінің орынбасары — мемлекеттік хатшы Игорь Зубов мәлімдеді.
«Әрбір мигрант тіркеу кезінде, әсіресе еңбек мигранты немесе ұзақ уақытқа келетін болса, телефон сатып алуға міндетті болады. Бұл телефонда оның электрондық профилі болады. Сонда біз әрбір мигранттың қай жерде екенін білетін боламыз. Ол бір елді мекеннен екіншісіне бақылаусыз көшіп, тұрған жерін өзгерте алмайды. Бұл негіз болады», — деп атап өтті Зубов.
Шенеуніктің айтуынша, телефон құжаттардың мерзімінің аяқталуы немесе белгілі бір жерге шақыру туралы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.


