Әнші Меруерт Түсіпбаева парламентте өнер адамдары мен блогерлердің болуына қарсы шығып, депутаттық орындарды кәсіби мамандар иеленуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

Оның айтуынша, заң шығарушы органда Ата Заңның әр тармағын зерттей алатын қаржыгерлер, экономистер және заңгерлер отыруы қажет. Ол парламентте өнер адамдары, спортшылар және кейбір блогерлердің не үшін отырғанын түсінбейтінін айтты.

«Парламентте әнші, биші, күйші, спортшы, блогер-шмогерлер отырмауы керек. Ата Заңның әр тармағын зерттей алатын қаржыгерлер, экономистер мен заңгерлер отыруы қажет. Өнер адамдары ол жерде не үшін отыр, неге келді деп ойлаймын. Өйткені мен өнер адамдарының, спортшылардың және кейбір блогерлердің IQ деңгейлерін білемін. IQ-ы төмен екенін түсінемін, сеземін. Бір ауыз сөзді құрап айта алмайтындар сол жерде не істеп отырмын деп ойлайды екен?» — деді Меруерт Түсіпбаева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.