Диего Марадонаның 1986 жылғы әлем чемпионатында киген капитандық таңбасы аукционда 512 мың долларға сатылды, деп хабарлайды infohub.kz.
Sotheby's аукцион үйінің хабарлауынша, дәл осы таңба аргентиналық ойыншының сол қолында болған, сол кезде ол Англия құрамасының қақпасына атақты «құдай қолы» голын соққан. Марадона осы таңбамен Уругвайға қарсы 1/8 финал және ГФР командасына қарсы финалдық ойынға шыққан, онда Аргентина чемпион атағын жеңіп алған.
Сонымен қатар, аукционда бразилиялық шабуылшы Пеленің 1958 жылғы әлем чемпионатының финалында киген ойын футболкасы сатылды. Ол 4,88 миллион долларға кетті. Бұл ойында аңызға айналған шабуылшы дубль жасап, Бразилия құрамасы турнир иесі шведтерді 5:2 есебімен жеңді.


