Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен Халықаралық коньки тебушілер одағының (ISU) Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Үш дүркін әлем чемпионы төрттік флип пен үштік аксельді таза орындады, алайда төрттік лутц пен екілік тулуптан құралған каскадта қате жіберді. Нәтижесінде Малинин 96,74 ұпай жинап, аралық бірінші орынға шықты.

Қысқа бағдарламада екінші нәтижені жапон сырғанаушысы Сота Ямамото (91,29) көрсетті. Үздік үштікті мексикалық Донован Каррильо (86,49) түйіндеді.

Спорттық жұптардың қысқа бағдарламасында бірінші орынды қазіргі әлем чемпиондары — американдық Минерва Фабьенне Хазе мен Никита Володин (72,71) иеленді. Екінші сатыда американдық Алиса Ефимова мен Миша Митрофанов (71,85) орналасты. Үшінші орынды швейцариялық Оксана Вуйамоз бен Том Бувар (70,63) алды.

АҚШ-тағы жарыста Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғайды. Жекелей сырғанаушылардың қысқа бағдарламасы 15 қарашада Астана уақытымен 04:40-та басталады. Еркін бағдарлама 16 қарашада 02:05-те басталады.