Майра Мелдебекова Қазақстанның Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Тиісті үкімет қаулысы primeminister.kz сайтында жарияланды. Құжатта: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды» делінген.

Мелдебекова бұл қызметті 2025 жылдың мамыр айынан бастап атқарған. Ол 1971 жылы дүниеге келген, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. 1993–2005 жылдары Шымкент, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2005–2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. 2018–2020 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, 2020–2021 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы, 2021–2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, 2022–2025 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болған.